Ұлыбританияның 32 жастағы тұрғыны Никола Ходж комадан тірі оралып, клиникалық өлім кезінде не сезінгенін айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап.
Әйел эпилепсияға қарсы дәріні ауыстырғаннан кейін қауіпті қышқылдық теңгерімсіздігіне ұшырап, комаға түскен. Дәрігерлер оның өмір сүру мүмкіндігін небәрі 20 пайыз деп бағалаған. Дегенмен, Ходж есін жиып қана қоймай, клиникалық өлімді бастан өткерген.
Мен жұмақ қақпасын көрген жоқпын, тек жылу мен сары түстес жарықты сездім, - дейді ол.
Алайда, оянғаннан кейін ұзақ команың салдары қалған. Ходжда ойдың шатасуы, күшті бас ауруы және жаңа ұстамалар пайда болған. Алты ай өткен соң талма кезінде құлап, миына төрт рет қан құйылған.
Басым мақтаға оралғандай болды, аптаның қай күні екенін де есіме түсіре алмадым, - деп еске алады британдық әйел.
Бұған дейін Эмбер Кавано есімді әйел инсульттан кейін о дүниеге барып, өмірге қайта оралғанын айтып берген.