Британ парламентінде Орталық Азиямен ынтымақтастық талқыланды

9 Ақпан 2021, 13:38
1283
Бөлісу:
Британ парламентінде Орталық Азиямен ынтымақтастық талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британдық парламентте құрама корольдіктің Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығын кеңейту мәселелеріне арналған онлайн-конференция өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. 

Кездесуді ең ықпалды парламенттік бірлестіктердің бірі – Парламентаралық одағының британдық тобы ұйымдастырды. Пікіралмасудың модераторы британ парламентінің қауымдар палатасының мүшесі және ПОБТ қазынашысы Алекс Собель болды.

Кездесуге британ парламентінің 20-ға жуық мүшесі, оның ішінде Қазақстанмен ынтымақтастық жөніндегі жақ Құрама корольдікте аккредиттелген Орталық Азия елдерінің елшілері қатысты.

Қазақстан елшісі Ерлан Ыдырысов биылғы жыл ҚР мен басқа да Орталық Азия елдері Тәуелсіздігінің 30 жылдығы екендігін атап өтті. Отандық дипломаттың айтуынша, осы жылдар ішінде еліміз өзін әлемдік қоғамдастықтың сенімді серіктесі ретінде көрсете білді. Ол сондай-ақ Қазақстанда жүргізіліп жатқан, елдің саяси институттарын одан әрі демократияландыруға және дамытуға бағытталған саяси реформалар мемлекеттің ұдайы эволюциялық дамуы бағытының жалғасы екендігін атап өтті.

Экономикалық реформалар туралы айта келе, Ерлан Ыдырысов ел үшін басымдық ресурсқа тәуелділіктен арылу мақсатында экономиканы одан әрі әртараптандыру болып табылатынын атап өтті. Бұл тұрғыда аумағында британдық құқық нормалары қолданылатын «Астана» халықаралық қаржы орталығы – Қазақстан аумағында танылған халықаралық қаржы және сауда хабын дамыту үшін стратегиялық құрал, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасын қоса алғанда, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру үшін маңызды демеу, - делінген хабарламада. 

Парламентаралық одағының британдық тобы 1889 жылы құрылған. Топ миссиясы – Ұлыбританияның халықаралық қатынастарын кеңейтуге, сауда мен тұрақты экономикалық дамуға, бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудың тиімді жаһандық тетіктеріне парламенттік қолдау көрсетуге бағытталған. Топтың құрамына Ұлыбританияның барлық саяси партияларын өкілдік ететін Қауымдар палатасы мен Лордтар палатасының депутаттары кіреді.

Өзгелердің жаңалығы