Brent мұнайы барреліне 99 долларға дейін арзандады

Сауда-саттық мәліметтері бойынша.

 pixabay 22 Қыркүйек 2026, 03:51
22 Қыркүйек 2026, 03:51
96
Фото: pixabay

Әлемдік мұнай бағасы 4,5–5%-ға дейін төмендеді. Brent маркалы мұнайдың бір баррелі қыркүйек айының басынан бері алғаш рет 99 долларға дейін арзандады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Праймға» сілтеме жасап.

Brent маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстері алдыңғы жабылу бағасымен салыстырғанда 4,54%-ға төмендеп, барреліне 99,15 долларға түсті.

Бұған дейін бұл көрсеткіш 9 қыркүйектен бері алғаш рет 99 доллар деңгейіне төмендеген болатын.

Ал қараша айындағы WTI фьючерстерінің бағасы 4,79%-ға арзандап, барреліне 91,48 долларды құрады.

Наверх