Брекешев Каспийдің тағдырына қатысты сұраққа жауап берді

14 Қараша 2022, 13:45
699
Бөлісу:
Брекешев Каспийдің тағдырына қатысты сұраққа жауап берді

Каспий Аралдың тағдырын кешуі мүмін бе? Бұл сұраққа Мәжіліс кулуарында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешов жауап берді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Жаһандық зерттеулер бойынша 60 жыл көлемінде Каспийдің 34 пайызы тартылуы мүмкін. Оның салдарынан оттегі жетіспеушілігінен ондағы тіршілік те азайып, Каспийдің өлі теңізге айналады деген пайым бар. Яғни, Аралдың тағдырын кешуі мүмкін дейді. Бұл тарапта министрліктің жауабы қандай - деп сұрақ қойды журналис.

Министрдің айтуынша, алдағы жылдары Каспий мәселесін қарайтын институт ашылмақ.

Қазір нақты жауап бере алмаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, біздің министрлікке нақты тапсырма берілді. Каспий мәселесіне тұрақты түрде зерттеу жасайтын мемлекеттік институт құрылуы керек. Ол теңіздің мәселелерімен, көлемінің неге азайып жатқанын туралы сұрақтармен мемлекеттік институт айналысатын болады. Әзірше бұл институт құрылмады. Ол мекеме тек Қазақстан бойынша емес, Каспий теңізге қатысы бар бүкіл мемлекеттермен тығыз жұмыс жасайтын болады, - деді Серікқали Брекешев. 

Өзгелердің жаңалығы