Бразилияның экс-президентіне сайлауға қатысуға тыйым салынды

1 Шілде 2023, 17:30
747
Бөлісу:
Бразилияның экс-президентіне сайлауға қатысуға тыйым салынды
Фото: Жаир Болсонару / Фото: Alan Santos / PR

Бразилияның бұрынғы президенті Жаир Болсонаруға 8 жыл бойы сайлауға қатысуға тыйым салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғарғы сот былтыр өткен президенттік сайлау қарсаңында ол билікті асыра пайдаланған деген үкім шығарды. Жаир Болсонару электронды бюллетеньдер хакерлік шабуылдарға осал және дауыс беру нәтижелері бұрмалануы мүмкін деген. Сот бұл жалған мәлімдеме демократияға кір келтірді деп таныды. Жаир Болсонарудың адвокаттары, аппеляцияға беретінін мәлімдеді. Ал өзі 2026 жылы президенттік сайлауға әйелін ұсынуы мүмкін. 2022 жылғы сайлауда Жаир Болсонаруға жеңіске жетуге, сәл дауыс жетпей қалды. Ол билікті бейбіт тапсырғанымен жақтастары көшелерді бөгеп, әскерді бүлікке шақырған еді.

Өзгелердің жаңалығы