Бразилияның батысын су басты

28 Ақпан 2024, 20:34
325
Бөлісу:
Бразилияның батысын су басты

20 мыңнан астам халқы бар Бразилия қаласы сырт әлемнен оқшауланып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан аймақтағы Акре өзені тасыған. Билік штат аумағындағы 22 қаланың 17-сінде төтенше жағдай жариялады. 

11 мыңнан астам тұрғын баспанасынан айырылып, 1800-ге жуық отбасы қауіпсіз жаққа көшірілген.

Бразилия қаласына құрлық арқылы техника келе алмайды. Жағдай өте қиын. Бірақ біз тұрғындарды керек-жарақпен дер кезінде қамтамасыз ету үшін барымызды саламыз, - деді Бразилия мэрі Фернанда Хассем.

Өзгелердің жаңалығы