Бразилияның солтүстік-шығыс жағалауына мұнай төгіліп, тасбақалар қырылды

1 Қазан 2019, 07:38
1896
Бөлісу:
Бразилияның солтүстік-шығыс жағалауына мұнай төгіліп, тасбақалар қырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияның солтүстік-шығыс жағалауы маңына мұнай төгіліп, тасбақалар қырылып қалды, деп хабарлайды 24.kz.

Қоршаған ортаны қорғау агенттігі осылай деп мәлімдеді. Жүргізілген сараптамаға сай жағажайдағы мұнай елде өндірілмеген. ANP агенттігі қара алтын Бразилия жағалауынан өткен танкерлердің бірінен төгілуі мүмкін дейді. Бұл нұсқа тексеріліп жатыр. Мұнай төгілген аумақ 1500-дей шақырымды құрайды. Ал, кейбір елдімекендердегі жүздеген жағажайда мұнайдан шағын көлшіктер туындаған.


Өзгелердің жаңалығы