Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел аумағында инфекция мутациясының үш түрі анықталды: британиялық, оңтүстікафрикалық және бразилиялық.
Австрияның Зальцбург қаласында бразилиялық коронавирус жұқтырған бір адам расталды. Бұл туралы 8 наурызда сол өңір билігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады korrespondent.net.
Зальцбург Денсаулық сақтау органдары осы уақытқа дейін P.2 вирусының бразилиялық нұсқасының бір жағдайы расталды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ баспасөз қызметі аймақта оңтүстікафриканың COVID-19 штаммының бір жағдайы және британдық штамның бірнешеуі (аймақтағы барлық инфекцияның шамамен 80%) тіркелгенін хабарлады.