Қазақстанның бокс құрамасы 2026 жылғы Әлем кубогының алғашқы кезеңіне қатысатын құрамын анықтады. Жарыс 20–26 сәуір аралығында Фос-ду-Игуасу қаласында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Бокс федерациясына сілтеме жасап.
Бұл турнир жаңа World Boxing сериясының алғашқы кезеңі саналады және оған 50 елден шамамен 400 спортшы қатысады деп жоспарланып отыр.
Ұлттық құрамға тәжірибелі спортшылармен қатар, болашағынан үміт күттіретін жас боксшылар да енген.
Әйелдер құрамасы:
51 кг – Алуа Балқыбекова
54 кг – Назым Қызайбай
60 кг – Виктория Графеева
65 кг – Аида Әбікейева
70 кг – Наталья Богданова
80 кг – Жібек Жарасқызы
80 кг-нан жоғары – Валерия Аксенова
Ерлер құрамасы:
50 кг – Даниял Сабит
55 кг – Бағлан Кенжебек
60 кг – Жансері Көшербаев
65 кг – Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
70 кг – Фарух Тоқтасынов
75 кг – Санжарали Бегалиев
80 кг – Диас Молжігітов
85 кг – Сұлтанбек Айбарұлы
90 кг – Дәулет Төлемісов
Айта кетейік, өткен турнирде қазақстандық команда алты медаль жеңіп алған болатын. Сол кезде Нұрсұлтан Алтынбек, Дәулет Төлемісов және Жазира Орақбаева чемпион атанса, Диас Молжігітов, Даниял Сапарбай және Ұлжан Сәрсенбек қола жүлдеге ие болған еді.