Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бразилиядағы автобус апаты: кем дегенде 15 адам қаза тапты

Бүгiн, 03:49
111
Бөлісу:
 pexels.com
Фото: pexels.com

Бразилияның солтүстік-шығысында қажыларды тасымалдайтын автобустың қатысуымен болған ауыр жол-көлік оқиғасында кем дегенде 15 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ бразилиялық БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Автобуста шамамен 60 жолаушы болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол тас жолда аударылып қалған, ал апаттың нақты себебі тергелуде.

Қайтыс болғандардың арасында бес ер адам, жеті әйел және үш бала бар. Жарақат алғандар жергілікті ауруханаларға жеткізілді, олар медициналық көмек алуды жалғастыруда.

Алагоас штатының билігі үш күндік аза тұту жариялады.

Өзгелердің жаңалығы