Алматы, BAQ.KZ. Бразилияның Амазона штатындағы Анисио Жобим түрмесінде сотталушылар арасында төбелес болып, 15 адам көз жұмды. Бұл туралы Associated Press хабарлады.
Түрмедегі тәртіпсіздікті басу үшін мекеме қауіпсіздік күштерін жұмылдырған, көп ұзамай бақылау реттелген.
Аталған аймақта қауіпсіздікті сақтау үшін тікұшақтар төбеден бақылап отырған. Түрмеден қашқандар туралы мәлімет жоқ.
Еске салсақ, дәл осы түрмеде 2017 жылдың 1 қаңтарында екі топтың арасындағы жанжалдың арты үлкен бүлікке айналған. Сотталушылар мекеменің 12 жұмысшысын кепілдікке алған еді. Оқиға салдарынан 56 адам көз жұмған болатын.