Бразилияда су тасқыны мен көшкін салдарынан 106 адам қаза тапты

2 Маусым 2022, 14:50
1435
Бөлісу:
Бразилияда су тасқыны мен көшкін салдарынан 106 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияның солтүстік-шығысындағы су тасқыны мен көшкін 106 адамның өмірін қиды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Құтқару топтары су тасқынынан кейін көміліп қалған ондаған адамның денесін тапты. Әсіресе, Жардим Монтеверде аймағы мен Ресифи қаласының маңындағы елді мекендер қатты қираған. Пернамбуку штатының 24 әкімшілік аймағында төтенше жағдай жарияланды. Онда 6 мыңнан астам адам үйлерін тастап, эвакуациялануға мәжбүр болды.

Ел президенті Жаир Болсонару шығын көлемін бағалау үшін апат болған аймақты тікұшақпен айналып өтті.

Бразилияда бір аптадан бері толассыз нөсер жаңбыр жауып, кедей халық тұратын аймақтар, әсіресе тау баурайындағы фавелаларға қатты зиян келтірді.

Өзгелердің жаңалығы