Бразилияда «мегаэпидемия» туралы ескертілді

31 Қаңтар 2021, 20:41
1334
Бөлісу:
Бразилияда «мегаэпидемия» туралы ескертілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия кезінде коронавирус жұқтырған үшінші ел Бразилияда патогенді мутацияға байланысты «мегаэпидемия» туралы ескертілді. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Луис Энрике Мандетта мәлімдеді, деп хабарлайды Globo газеті.

Сонымен Бразилияда табылған коронавирустың жаңа штаммы Латын Америкасының ең ірі мемлекетінде індеттің кеңеюіне әкелуі мүмкін. 

Оның айтуынша, бүкіл әлем Бразилиямен әуе қатынасын тоқтатқан кезде, билік пациенттерді бір штаттан екіншісіне биологиялық қауіпсіздік үшін бекеттер орнатпай-ақ тасымалдайды. 

Бұл штамм федерацияның барлық жеріне тарап, 60 күннен кейін мегаэпидемияны бастан өткереміз, - дейді маман.

28 қаңтарда әлемде коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 100 миллионнан асты. Оның ішінде 55,9 миллионнан астам науқас сауығып кетсе, 2,1 миллионнан астам адам қайтыс болған. 

Инфекция ең көп тіркелген елдер қатарында - АҚШ, Үндістан, Бразилия бар. 

Желтоқсан айының басынан бері Ұлыбритания, Оңтүстік Африка және Бразилияда жаңа мутацияланған SARS-CoV-2 штамдарының пайда болғаны белгілі болды. 

Вирустың бұл нұсқалары оңай таралуы мүмкін және бұл аурудың, өлім-жітімнің және ауруханалардың науқастарға толуына әкелуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы