Лай көшкіні құрбандары көбейді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Бразилияның оңтүстік-шығысындағы лай көшкіні кезінде қаза тапқан адамдардың саны 46-ға жетті. Тағы 2,5 мың тұрғын баспанасыз қалған. Із-түзсіз жоғалып кеткендер бар. Қазір оларды іздеу-құтқару жұмысы жүріп жатыр.
Ел президенті жаңа үйлер салып беруге уәде етті. Метеорологтар осы аптада 200 мм-ге дейін жауын-шашын болып, тағы су тасып, лай көшеді деп ескерту жасады.
Табиғат бізді бірде таң қалдырса, кейде қыспаққа алады. Ең бастысы, біз табиғатқа қылдай қиянат жасамауымыз керек. Лай көшкінінің салдарынан далада қалған тұрғындарға жаңадан үй салып береміз, - деді Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва.