Алматы, BAQ.KZ. Бразилия Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте инфекциядан өлгендер саны 20 пайызға артып, 359 адамды құрағанын мәлімдеді.
Оның үстіне мерт болған тағы 73 адамның талдамасы әлі дайын болмаған. Коронавирустан көзжұмғандардың 85 пайызы 60 жастан асқандар.Сондай-ақ бір тәулікте 1146 адамнан коронавирус анықталған. Осымен үшінші күн қатарынан тәулігіне мыңнан аса адам коронавирус инфекциясымен тіркелген. Барлық ауырғандар саны 9 мыңнан асқан.
Бразилияда COVID-19 инфекциясын жұқтырған адам алғаш 26 ақпанда тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігінің болжауынша бұл індетпен ауырғандар саны сәуірден бастап күрт жоғарылап, үш айға созылады. Тек шілде айында ғана жағдай тұрақталмақ. Ел билігі инфекцияның таралуы тамыз айынан бастап төмендеп, қыркүйекте сейіледі деген болжам жасап отыр.