Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияда тәулігіне 40716 жаңа коронавирус инфекциясы тіркелді, COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 20 026 533-ке жетті. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
COVID-19-дан 18 800 884 адам айықты.
Елде коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандардың жалпы саны 559 607-ге жетті, оның ішінде соңғы тәулікте 1175 адам.
210 миллионнан астам халқы бар Бразилия COVID-19 бойынша АҚШ-тан кейін екінші орында және жұқтырғандар арасында үшінші орында.
Инфекцияның ең көп саны Сан-Паулуда тіркелді – 4 084 112. Бұл штатта қайтыс болғандар саны 139 870-ке жетті.
146 миллионнан астам бразилиялықтар вакцинаның кем дегенде бір дозасын алды.