Бразилияда бір тәулікте коронавирустан 4000 адам қайтыс болды

7 Сәуір 2021, 20:28
1358
Бөлісу:
Бразилияда бір тәулікте коронавирустан 4000 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияда індеттің жаңа штаммынан күніне 4000-нан астам адам қайтыс болуда. Бұл - алғаш рет COVID-19-дан тіркелген рекордтық көрсеткіш. Ел ішінде соңғы 24 сағат ішінде 4195 адам қайтыс болған, деп хабарлады Би-Би-Си.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда Бразилияда коронавирустық инфекцияны жұқтыру бойынша 13 миллионнан астам жағдай тіркелген.

Наурызда шамамен 66 570 адам COVID-19-дан қайтыс болған, бұл - алдыңғы айлық көрсеткішке қарағада екі есе көп. Ауруханалар лық толы, кейбір қалаларда адамдар емделуді көп күткеннен жан тапсыруда. Ал бірқатар аудандағы денсаулық сақтау жүйесі құлдырау алдында тұр. Қазір елде қайтыс болғандардың жалпы саны 337 000-ға жуық, бұл ел АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр. Инфекциялар мен өлім-жітім санының өсуіне SARS-CoV-2 жаңа штаммы әсер етті.

Бразилия президенті Джаир Болсонару індеттің алдын алу мақсатына бағытталған оқшаулау шараларын жалғастыруда. Ол экономикаға келтірілген залалға қарағанда вирустың залалы ауыр тиді деп мәлімдеді.

Өзгелердің жаңалығы