Бразилияда бір тәулікте 70 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

10 Наурыз 2021, 08:37
706
Бөлісу:
Бразилияда бір тәулікте 70 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияда коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны 11 122 429 адамға жетті. 

Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. 

Айта кетейік, Бразилияда бір тәулікте 70764 адам коронавирус жұқтырған. 

Жалпы бұл елде індеттен барлығы 268 370 науқас көз жұмған.

Өзгелердің жаңалығы