Бразилия тұрғындары бір уақытта коронавирустың екі штаммын қатар жұқтырды

31 Қаңтар 2021, 15:31
1299
Бөлісу:
Бразилия тұрғындары бір уақытта коронавирустың екі штаммын қатар жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Риу-Гранди-ду-Сул штатының (Бразилия) екі тұрғынынан коронавирустың екі штаммын бір уақытта жұқтыру жағдайы анықталды. Бұл туралы ТАСС жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады. 

Нова Амбургу университетінің молекулалық микробиология зертханасының ғалымы Фернанду Спилканың айтуынша, екі науқас шамамен 30 жаста. Олардың ауруы жеңіл және орташа түрде өтті. 

Алайда әзірге мамандар қауіп тобындағы пациенттерде аурудың ағымы қаншалықты қауіпті болуы мүмкін екенін болжай алмайды.

Ғалымдардың пікірінше, қысқа уақыт аралығында SARS-CoV-2-нің екі түрлі штаммын жүйелі түрде жұқтыру жағдайын да ескеру керек. 

Бұл вирус жұқтырған адамдарды оқшаулаудың және әлеуметтік қашықтық шараларын ұстанудың маңыздылығын көрсетеді.

Жалпы зерттеушілер штатта коронавирустың бес түрін анықтады.

Олардың арасында S-ақуызында мутациясы бар штамдар бар. 

Бірқатар сарапшының пікірінше, олар Қытайдың Ухань қаласында анықталған вирус түріне қарағанда жұқпалы. 

Сонымен қатар вирус қабығының құрылымындағы өзгерістер Оңтүстік Африка мен Бразилия штамдарына тән.

Өзгелердің жаңалығы