Бразилия президенті Болсонаро футболшы Пеленің қайтыс болуына байланысты 29-31 желтоқсан аралығында қаралы күн деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ел үкіметінің сайтында айтылған.
"Футболшы Пеле Эдсон Арантес ду Насиментоның қайтыс болуына байланысты қайғының белгісі ретінде осы Жарлық жарияланған күннен бастап бүкіл елде үш күн ресми аза тұту жарияланды", - делінген жарлықта.