Бразилия ойындарында жамбылдық спортшы қола жүлдеге ие болды

4 Мамыр 2022, 16:36
1266
Бөлісу:
Бразилия ойындарында жамбылдық спортшы қола жүлдеге ие болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында өтіп жатқан XXIV жазғы Cурдлимпиада ойындарында жамбылдық Кара Оглы Фериде дзюдодан 48 келі салмақта сынға түсіп, қола жүлдегер атанды. 

Cонымен қатар, Егембердиева Эвелина 57 келіде 5 орынға табан тіреді. 

Жоғары спорттық нәтиже көрсеткен бұрымды балуаннның жеке бапкері – Лукманов Хайрулла. 

Аталған додада Қазақстан Ұлттық құрама командасы 9 спорт түрі бойынша 57 спортшы, 28 жаттықтырушы мен спорт төрешілерінен тұратын спорт делегациясы қатысып, ел намысын қорғауда. Оның ішінде Жамбыл облысынан дене мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубынан13 спортшы 6 спорт түрінен қатысады.

Сондай-ақ, төртжылдықтың басты додасында Жамбыл облысынан барған 2 дзюдошы жүлдеге таласатын болады. Олар – Краморова Анна және Тугелбаев Айдос. 

1-15 мамыр аралығында өтетін ойындарға 100 елден 4500 спортшы қатысады деп күтілуде. Спорттың 20 түрінен 200-ге жуық жүлделер жинағы ойнатылады.

Айта кету керек Қазақстан спортшыларының құрамасы таэквондо, бадминтон, еркін күресі, грек-рим күресі, карате, үстел теннисі, дзюдо, жеңіл атлетика және жүзу спорт түрлерінен қатысуда.

Өзгелердің жаңалығы