Браконьерлерден тәркіленген балықтар қайда кететіні белгілі болды

11 Шілде 2023, 16:18
781
Бөлісу:
Браконьерлерден тәркіленген балықтар қайда кететіні белгілі болды
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Елімізде браконьерлерден тәркіленген заңсыз ауланған балықтардың қайда жіберілетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Аян Бахиянов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуынша, мемлекеттік инспекторлар браконьерлер аулаған балықты тәркілеген соң сот шешімі шыққанға дейін арнайы мекемеге өткізеді.

Сәйкесінше, қылмыстық іс қозғалады. Іс аяқталып, құқық бұзушыға қатысты сот шешімі шыққанға дейін балық арнайы ұйымда сақталады. Одан соң сот заңсыз ауланған балықты тәркілеу немесе мемлекет табысына енгізу туралы шешім шығарады. Әрі қарай әрекетті сот орындаушылары жүзеге асырады. Тәркіленген балықты мемлекеттің табысына енгізу сату немесе жою, басқа да тәсілдермен іске асырылады. Бұл сот орындаушыларының құзыретінде болады, - деп түсіндірді комитет басшысының орынбасары.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда қонақтарына сирек кездесетін балық ұсынған мейрамхана иесі қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы