БҚО жолдарында ғылыми-техникалық сүйемелдеуді ғалымдар жүргізеді

5 Шілде 2024, 13:03
363
Бөлісу:
БҚО жолдарында ғылыми-техникалық сүйемелдеуді  ғалымдар жүргізеді
Фото: Арман Мухатов - архив

Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарын салу мен күтіп ұстауда ғылыми әдіс қолданылатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО әкімдігі мен Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты (ҚазжолҒЗИ) арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою осы бағыттағы маңызды қадам болып табылады. Бұл келісім аймақтағы жол құрылысы мен күту жұмыстарына, ғылымның озық жетістіктерін енгізуіне және мамандардың біліктілігін арттыруына елеулі өзгерістер әкелуге үміттендіреді.

ҚазжолҒЗИ-мен ынтымақтастық жол құрылысының ең жаңа технологиялары мен әдістерді енгізуге мүмкіндік пен ғылыми-зерттеу қызметін дамытуды қамтиды. Ғалымдар жергілікті топырақтың бірегей қасиеттерін ескеріп, жолқабаттарын нығайту үшін заманауи ғылыми әзірлемелерді қолданып, бұл жол сапасы мен ұзақ мерзімге жарамдылығын айтарлықтай арттырмақ.

Мамандардың біліктілігін арттыру келісімнің тағы бір негізгі аспектісі болып табылады. Бұл үшін мамандандырылған бағдарлама әзірленіп, жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, оқу-әдістемелік құралдар дайындалып, семинарлар өткізіледі. Осыған орай жергілікті мамандар кәсіби дайындықтың жоғары деңгейімен қамтамасыз етіліп, жол құрылысы мен жөндеу саласындағы соңғы жетістіктер мен техникадан хабардар болуға мүмкіндік береді.

Оның үстіне ғылыми жобалар мен жолды бағалауға арналған консультативтік қолдау көрсету мақсатында семинар мен конференцияларды өткізу жоспарланды. Бұл іс-шаралар өзекті мәселелерді талқылау және мамандар арасында тәжірибе алмасу алаңын жасауға көмектесіп, өңірдің жол инфрақұрылымын одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Бұл ынтымақтастықтың мақсаты Батыс Қазақстан облысының жол сапасын арттыру, озық технологияларды енгізу және мамандардың біліктілігін арттыру. Бұл облыс пен оның тұрғындарының мүдделеріне қызмет ететін заманауи және қауіпсіз жол желісін құру жолындағы маңызды қадам.

Өзгелердің жаңалығы