БҚО тұрғындарына әлеуметтік-еңбек саласындағы заңнама қалай жетілдірілетіні түсіндірілді

2 Қазан 2022, 11:59
1306
Бөлісу:
БҚО тұрғындарына әлеуметтік-еңбек саласындағы заңнама қалай жетілдірілетіні түсіндірілді
PHOTO

 Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауының әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі бағыттарын және Әлеуметтік кодексі жобасының нормаларын түсіндіру мақсатында  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қалыптастырған арнайы мобильдік топ Батыс Қазақстан облысында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство мен еншілес ұйымның өкілдері Орал қ., Бәйтерек және Теректі аудандарында болып, онда халықпен, жастармен, еңбек ұжымдарымен, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларының қызметкерлерімен, медициналық-әлеуметтік мекемелерде қамқорлыққа алынған қызметкерлермен, ауылдық округтердің әкімдерімен және мәслихат депутаттарымен кездесулер өткізді.

Мобильді топтың құрамына  ЕХӘҚМ Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Мұратбеков,  ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаменті басқармасының басшысы Әсия Құрманқұлова, «МӘСҚ» АҚ Басқарушы директоры Марат Жәнібеков кірді.

БҚО тұрғындарына әлеуметтік-еңбек саласындағы заңнама қалай жетілдірілетіні түсіндірілді

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында мобильдік топ өкілдері журналистерге 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем мөлшерін орта есеппен 13% - ға ұлғайту туралы айтып берді. Әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамытудың осы және басқа да шаралары ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында көзделген.

Сондай-ақ, мобильді топ мүшелері зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы түсініктеме берді.

Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде әлеуметтік кодекс жобасында базалық зейнетақы мөлшерін арттыру және ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін ең жоғары табысты ұлғайту көзделген. Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%- ға арттыруға мүмкіндік береді, - деді Мұрат Мұратбеков.

Арнайы мобильдік топ Орал қаласындағы өз бетінше тұруды сүемелдеу үйіне барды. Мекеме ұжымымен және қамқоршыларымен кездесу барысында Әсия Құрманқұлова Әлеуметтік кодекс шеңберінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды кеңейту жоспарланып отырғанын айтты.

БҚО тұрғындарына әлеуметтік-еңбек саласындағы заңнама қалай жетілдірілетіні түсіндірілді

Бұл оларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің бірыңғай тәсілдерін әзірлеуді талап етеді. Осыған байланысты ұйымдардың түрлері бойынша стандарттардың орнына қызмет түрлері бойынша жаңа стандарттар әзірленетін болады, - деп атап өтті ол.

Жаңа стандарттар әлеуметтік қызметкерлердің өмірлік белсенділікті шектеу дәрежесіне немесе өмірлік қиын жағдайдың түріне байланысты іс-әрекеттерінің қадамдық алгоритмін қамтиды.

Сондай-ақ, жұмыс тобының БҚО-ға шыққан алғашқы күнінде штат саны 1 мыңнан астам адамды құрайтын «ЖайықТеплоЭнерго» АҚ ұжымымен кездесу ұйымдастырылды. Ұйым қызметкерлерінің қызығушылығын заңнамаға әзірленген түзетулер тудырды, бұл жұмыс берушілерге қызметкерлермен келісім бойынша бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасымен ауысу құқығымен төрт күндік жұмыс аптасын белгілеуге мүмкіндік берді. Сондай-ақ, АҚ қызметкерлерін атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге және көп балалы отбасыларға жәрдемақы тағайындауға, 7 және одан да көп баласы бар марапатталған ана мәртебесіне қатысты мәселелер қызықтырды. Сонымен қатар коммуналдық қызмет қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы тілектер айтылды.

БҚО тұрғындарына әлеуметтік-еңбек саласындағы заңнама қалай жетілдірілетіні түсіндірілді

Орал аграрлық колледжін аралау барысында 200-ге жуық студентпен және оқу орнының педагогикалық құрамымен кездесу ұйымдастырылды. Студенттерді Электронды еңбек биржасы арқылы жастарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қызықтырды.

Тұрғындармен кездесу барысында Бәйтерек және Теректі аудандары мобильді топ мүшелері Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауының әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі бағыттарының іске асырылуы және Әлеуметтік кодекс жобасы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ауыл тұрғындарына ЕТЖ ұлғайту, Отбасының цифрлық картасын енгізу, жұмыспен қамту саласындағы жаңа саясат, жаңа көші-қон саясаты, Оқыту жүйесін дамыту және кәсіптік дағдыларды сертификаттау, балалы отбасыларды қолдау шаралары, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту, зейнетақы төлемдерін арттыру туралы түсініктемелер берілді.

Өзгелердің жаңалығы