БҚО Төтенше жағдайлар департаменті жаңа техникамен толықты

3 Қаңтар 2024, 12:21
746
Бөлісу:
БҚО Төтенше жағдайлар департаменті жаңа техникамен толықты
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңа жылда БҚО-да төтенше жағдайлар саласының мамандарына жаңа техникалар табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Батыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 30 желтоқсанда облыс әкімі Нариман Төреғалиевтың қатысуымен Төтенше жағдайлар департаментіне жаңа техникалардың кілті мен құрал-жабдықтар табыс етілді.

Төтенше жағдайларға шұғыл әрекет ету, сондай-ақ, авариялық-құтқару жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар депарвтаментінің бөлімшелері мен облыстық коммуналдық қызметтерге жергілікті бюджеттен 46 бірлік өрт сөндіру, авариялық-құтқару, қосалқы техника және 908 дана құрал-жабдықтар сатып алынды.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті жаңа техникамен толықты

Шара барысында сөз алған облыс әкімі Нариман Төреғалиев сатып алынған техникалар мен құрал-жабдықтар төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттырып, оң нәтижесін беретініне сенетінін атап өтті. 

Мемлекет басшысы өз Жолдауында азаматтық қорғау органдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға және олардың әлеуметтік мәртебесін арттырудың маңыздылығын атап өткен болатын. Бұл мәселелер біздің тарапымыздан жергілікті атқарушы орган ретінде де назардан тыс қалмайды. Сатып алынған техникалар мен құрал-жабдықтар төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттырып, оң нәтижесін беретініне сенемін! Осы сәтті пайдалана отырып, Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Қандай жағдай болмасын, бар күш-жігерін салып құтқару жұмыстарын жүргізіп жүрген құтқарушылардың жұмыстарына табыс, жанұяларына амандық және зор денсаулық тілеймін. Сіздердің ауыр еңбектеріңіз Сіздер құтқарған адамдардың Алғыстарымен бағаланып, тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлденуіне әрі қарай үлестеріңізді қоса берулеріңізге тілектеспін!, - деп атап өтті ол.

БҚО Төтенше жағдайлар департаменті жаңа техникамен толықты
Өзгелердің жаңалығы