БҚО: Қарақамыс ауылына 2 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жеткізілді

7 Сәуір 2024, 21:40
363
Бөлісу:
БҚО: Қарақамыс ауылына 2 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жеткізілді
Фото: скрин

БҚО Қаратөбе ауданының Қарақамыс ауылына "Қазавиақұтқару" АҚ Ми-8 тікұшағымен ТЖМ көмегімен 2 тонна көлемінде гуманитарлық жүк тамақ өнімдері жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Гуманитарлық көмекті Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы жіберді.

Қарақамыс ауылы қазіргі уақытта көлік қатынасынсыз қалып отыр. Қарақамыс ауылынан 6 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланды, - деп жазылған хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы