БҚО оқушылары мектепте порнографиялық сайттарға еркін қол жеткізіп келген

5 Желтоқсан 2023, 20:16
540
Бөлісу:
БҚО оқушылары мектепте порнографиялық сайттарға еркін қол жеткізіп келген
Фото: БҚО Прокуратурасының ресми сайты

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының прокуратурасының ұсынуы бойынша 14 мектеп директорлары әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының прокуратурасы жүргізген талдауда кәмелетке толмаған оқушылардың білім беру мекемесінің қабырғасында (14 мектептің информатика кабинеттерінде) тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізу фактілері анықталды. Оқушылар суицидті насихаттайтын және құрамында порнографиялық материалдары бар сайттарға еркін қол жеткізіп келген. 

Прокуратура мәліметінше, БҚО прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 14 мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Жол берілген бұзушылықтар үшін облыстың білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Оның нәтижелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 14 мектеп директоры тартылды. Бүгінгі таңда прокурорлық қадағалау актісімен ауданның барлық білім беру мекемесінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қойылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы