ТЖМ Батыс Қазақстан облысы Аңқаты ауылында тұрғындарды көшіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ведомство мәліметінше, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы, Аңқаты ауылында жауын-шашынның мол түсуі және дала аймағында еріген қардың суына байланысты 16 тұрғын үйге су кіріп, сондай-ақ 8 аула аумағын су басты.
Қазір 27 тұрғын мектеп-интернат ғимаратына көшірілді. Үй жануарлары мен құстар қауіпсіз жерлерге шығарылды. Су деңгейін түсіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жалпы жабынды ашу жүргізілді, - делінген таратылған ақпаратта.