Қазақстанның соңғы жаңалықтары

БҚО-да жолда қалған 26 жолаушы эвакуацияланды

7 Шілде 2025, 22:52
918
Бөлісу:
 Скриншот
Фото: Скриншот

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы аумағындағы Атырау – Орал автожолында төтенше жағдай орын алды. Лбищенское ауылының маңында жолаушылар автобусы бұзылып, көмекке Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) қызметкерлері жұмылдырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖМ мәліметінше, оқиға кезінде автобус салонында 26 жолаушы болған. Құтқарушылар жолаушыларды оқиға орнынан шамамен 50 шақырым қашықтықта орналасқан жақын елді мекенге эвакуациялады, онда оларды басқа автобус қарсы алды.

ТЖМ өкілдері жолаушылардың денсаулығына ешқандай қауіп төнбегенін мәлімдеді. Барлығы аман-есен жаңа көлікке отырғызылып, сапарларын жалғастырды.

Төтенше жағдай орын алған жағдайда азаматтарға 112 нөміріне шұғыл хабарласу қажет екені ескертілді.

Өзгелердің жаңалығы