БҚО-да жол-көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты

18 Қыркүйек 2023, 07:20
831
Бөлісу:
БҚО-да жол-көлік оқиғасынан 6 адам қаза тапты
Фото: Нұркен Алишев

Самара - Шымкент автожолының 290-шақырымында ауыр жүк көлігі DAF фурасымен Lada Priora жеңіл көлігі соқтығысып, салдарынан 6 адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 17 қыркүйек күні сағат 19:30 шамасында БҚО, Теректі ауданы, Бекей кентінің жанында болған.

ЖКО салдарынан 6 адам қаза тапты. Олар: 34 және 33 жастағы ересек адамдар, 11, 12, 5, 1 жастағы кәмелетке толмаған балалар. Жүк көлігінің 37 жастағы жүргізушісі зардап шекті. Оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасап жатыр, - деді патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Шыңғыс Бірманов.

Өзгелердің жаңалығы