БҚО-да жол апатынан үш адам қаза болды

27 Қаңтар 2022, 14:19
1239
Бөлісу:
БҚО-да жол апатынан үш адам қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 27 қаңтар күні Самара-Шымкент жолында Теректі ауданы Подстепный ауылы маңында болған. 

Шамамен сағат 08.50-де «Венойл» жанар-жағар май стансасы тұсында «Фольксваген Шаран» автокөлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, жол шетінде тұрған «Мерседес» жүк көлігімен соқтығысуға жол берген. Соның салдарынан 1987 және 1988 жылғы екі әйел, сондай-ақ 1976 жылғы ер адам оқиға орнында қаза тапты. 

Жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. БҚО полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтау керектігін еске салады - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы