БҚО-да жаңа шектеу шаралары енгізілді

27 Желтоқсан 2021, 22:13
939
Бөлісу:
БҚО-да жаңа шектеу шаралары енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 2021 жылғы 27 желтоқсанда «Батыс Қазақстан облысының аумағында шектеу карантиндік шаралары туралы» қаулыға қол қойды.

Атап айтқанда, Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық, еске алу іс-шараларын, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға тыйым салынады.

Санэпид талаптарын сақтай отырып, жиналыстарды, кеңестерді, семинарларды, конференцияларды күндізгі режимде (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде) өткізуге рұқсат етіледі.

Қоғамдық орындарда және ашық ауада, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық автокөліктерде 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, қоғамдық тамақтану орындарында тамақ ішкен, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтаған кезде 5 адамнан аспайтын жеке, топтық спортпен шұғылданатын балаларды қоспағанда, медициналық немесе мата маскаларын кию міндетті болып табылады.

Бұл ретте барлық меншік нысанындағы және ведомстволық тиесілілік білім беру ұйымдарында оқыту санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар сақталған кезде штаттық режимде жүргізіледі.

Сонымен қатар, коронавирусқа қарсы вакцина алмаған жұмыскерлерді (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және covid-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) күндізгі режимде жұмысқа жіберу шектеледі.

Вакциналанбаған жұмыскерлер үшін (соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және COVID-19 ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) міндетті ПТР-тестілеуден (7 күнде 1 рет) өту қажет.

Құжаттың толық мәтінін мына сілтеме көруге болады.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Өзгелердің жаңалығы