БҚО-да су тасқынының алдын алу мен құтқару жұмыстары жалғасуда

17 Сәуір 2024, 00:25
465
Бөлісу:
БҚО-да су тасқынының алдын алу мен құтқару жұмыстары жалғасуда
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Батыс Қазақстан облысында су тасқынының алдын алу және авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Өңірде ағын судың келуіне байланысты БҚО, Орал қаласы және 4 аудан бойынша жергілікті мақсаттағы 6 ТЖ жарияланған болатын.

Айтуынша, жалпы саны 13 732 адам эвакуацияланды, оның 2300-і эвакуациялық пункттерде, қалған 11 432-сі туған-туыстарының үйлеріне орналасты. Өңірде 17 эвакуациялық пункт жұмыс істеп жатыр. 24 жолды шайып кету оқиғасы қатаң бақылауда.

Қазір облыс бойынша еріген қар суынан келетін қауіп жоқ. Басты қауіп - Жайық өзені су деңгейінің көтерілуі болып отыр, Соңғы тәулікте оның су деңгейі 7 м 77 см көтерілгені байқалды. Ал қауіпті деңгейі 8 м 50 см болып есептеледі. Сол себепті Жайықтың бойында орналасқан елді мекендерді су тасқынынан қорғау жұмыстары атқарылуда. Дамбыларды нығайту, Жайықтың жағасын көтеру, биіктету және қапшықтар төсеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жүргізілуде, - деді Нұржан Төлеуіш.

Өзгелердің жаңалығы