БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендердің жағдайы қалай?

19 Сәуір 2024, 17:59
453
Бөлісу:
БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендердің жағдайы қалай?
Фото: БҚО әкімдігі

Бұл туралы Республикалық ақпарат штабының брифингінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Батыс Қазақстан облысында 27 эвакуациялық пункт құрылды. Қоғам белсенділері, ақсақалдарымыз, депутаттар тұрғындардың жағдайын көріп кетті. Жалпы барлық су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарымыз жылы жерге орналастырылған. Тұрмыстық жағдайын қарап өттік. Оқу процесіне байланысты мұғалімдер бөлінген. Олар онлайн түрде сабақтарын жүргізіп жатыр. Тұрмыстық жағдайына байланысты жаңағы тамақтану, тағы да басқа мәселелер шешілді. Үлкен шағымдар жоқ, - деді “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша директоры, облыстық қоғамдық штабының мүшесі Надир Құрымбаев.

Ол құжаттары суда қалған тұрғындардың мәселелері қалай шешіліп жатқанына да тоқталды.

Орал қалалық әкімдігі Азаматтарға арналған үкімет қызметкерлерімен бірлесіп, барлық кеңестерді беріп жатыр. Олар құжаттары суда қалып қойған немесе жоғалып қалған тұрғындарыдың өтініштерін қабылдап, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жұмыс істеп жатыр, - деді Құрымбаев.

Өзгелердің жаңалығы