БҚО-да шағын және орта бизнес субъектілерімен 1 трлн теңгенің өнімі өндірілді

14 Қараша 2023, 18:18
558
Бөлісу:
БҚО-да шағын және орта бизнес субъектілерімен 1 трлн теңгенің өнімі өндірілді
Фото: ОКҚ

Бұл туралы Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысының халыққа жолдауында отандық кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту бойынша бірқатар міндеттер қойылған.

Соңғы жылдары мемлекет тарапынан қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде шағын және орта бизнес тұрақты дами бастады. Жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 33% деңгейінде болып отыр. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 21%-ға өсіп, 58 мың бірлікті, олардағы жұмыспен қамтылғандардың саны 11%-ға өсіп, 126 мың адамды құрады, - деді ол.

Шағын және орта бизнес субъектілерімен 1 трлн.теңгенің өнімі өндірілді. Осы салаға биыл 21,6 млрд. теңге бөлініп, 3 мыңнан астам жобаларға қолдау көрсетілуде (4 мыңнан аса жаңа жұмыс орны).

Өзгелердің жаңалығы