БҚО-да құтқарушылар көлде жоғалған ер адам мен баланы іздеп жатыр

23 Маусым 2022, 10:51
1329
Бөлісу:
БҚО-да құтқарушылар көлде жоғалған ер адам мен баланы іздеп жатыр

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысының құтқарушылары көлде жоғалған ер адам мен баланы тікұшақпен іздестіріп жатыр.

Теректі ауданының Сары өмір ауылындағы Шалқар көлінде атасы мен немересі жоғалып кетті, деп хабарлады "Мой город" порталы.

БҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше кешке үрленетін матраста отырған 9 жасар баланы жел көлдің ортасына алып кеткені туралы ақпарат түсті. Оған көмектесу үшін 65 жастағы атасы артынан жүзіп кеткен. Алайда олар жағаға оралмады.

Өзгелердің жаңалығы