БҚО-да қосымша 161 уақытша орналастыру пункті дайындалды

7 Сәуір 2024, 01:43
635
Бөлісу:
БҚО-да қосымша 161 уақытша орналастыру пункті дайындалды
Фото: скрин

Батыс Қазақстан облысының аумағындағы су тасқыны кезеңі бойынша мәліметтерді БҚО ТЖД бастығының м.а. Руслан Қасыбаев жайында ОКҚ брифингінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

581 тұрғын үй мен үй маңындағы алаңдары су астында қалды. Одан бөлек, 245 аула аумағы, 427 саяжай үйі су астында қалды, автожолдардың 70 учаскесінде су тасқыны, жол төсемінің 60 шайылып кетті. 10 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды. 6 896 адам эвакуацияланды, оның ішінде 3 580 бала бар. Уақытша орналастыру пункттерінде 1 333 адам, оның ішінде 536 бала бар.

Бүгінгі таңда біз қосымша сыйымдылығы 8 600 адамнан асатын 161 уақытша орналастыру пунктін дайындадық, - деді спикер.

Жайық, Шаған және Деркөл өзендері деңгейінің көтерілуіне байланысты Орал қаласы бақылауда. Елек және Жайық өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Успеновка, Қарашығанақ, Димитрово, Жаңаталап елді мекендерін су басу қаупі сақталуда.

Ресей Федерациясының 5 шекаралас аймағының департаменті мен ТЖМ арасындағы өзара іс-қимыл аясында трансшекаралық өзендердің жағдайы бойынша жедел ақпарат алмасу жүргізілуде.

Ресей тарапының ақпараты бойынша 2024 - жылдың 6- сәуіріндегі жағдай бойынша Ирикли су қоймасына ағын көлемі азайып, 2 020 м3/сек, су тастау 2 170 м3/сек, толтыру – 92%-ды құрады, - деді Руслан Қасыбаев.

Өзгелердің жаңалығы