БҚО-да ер адам 300 келі шөп орамының астында қалды

16 Ақпан 2025, 15:44
360
Бөлісу:
БҚО-да ер адам 300 келі шөп орамының астында қалды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында 42 жастағы ер адам 300 келілік шөп орамының астында қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға ауыл маңында болған. Ер адам шөп үйіп жатқанда ауыр орам оның үстіне құлаған. Алайда кездейсоқ өтіп бара жатқан азамат оның көмек сұраған дауысын естіп, дереу құтқарушыларға хабар берген.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері арнайы жабдықты қолданып, шөп орамының астында қалған ер адамды шығарып алды.

Құтқару жұмыстары сәтті аяқталды. Зардап шегуші жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, — делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта жәбірленушінің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалады.

Өзгелердің жаңалығы