БҚО-да экс-полицей адам өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгiн, 08:10
116
Бөлісу:
БҚО-да экс-полицей адам өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: архив

Қайғылы оқиға 17 қараша күні Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында болған, деп хабарлайды BAQ.KZ turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті қамауға алынды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.

Күдікті бұрын ішкі істер органдарында жұмыс істеген. Теріс қылығы үшін жұмыстан босатылған, - делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктінің ішкі істер органдарындағы жұмысынан қашан босатылғаны белгісіз. Полиция департаменті бұл ақпаратты айтпады. Алдын-ала дерек бойынша қайтыс болған адам мен күдікті бұрынғы әріптестер.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы