БҚО-да дала өртеніп жатыр

9 Шілде 2023, 22:15
709
Бөлісу:
БҚО-да дала өртеніп жатыр
Фото: БҚО ТЖД баспасөз қызметі

9 шілдеде Теректі ауданы, Шалқар ауылдық округі аумағына қарасты Сарыөмір ауылынан 10 шақырым қашықтықта Егінсай және Кірпі дала учаскесінде өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. ТЖД базасында сағат 12:20-да жедел штаб ұйымдастырылды. Сағат 15:40-та дала өрті оқшауланды. Өртті сөндіруге өңірлік ТЖД-ның (16 адам және 4 техника), жергілікті атқарушы органның (25 ж/қ және 6 бірлік техника) жеке құрамы мен техникасы жұмылдырды, – деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы