БҚО-да Алматыдағы сауда үйін тонауға қатысқан күдікті ұсталды

5 Ақпан 2022, 19:32
1496
Бөлісу:
БҚО-да Алматыдағы сауда үйін тонауға қатысқан күдікті ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезіндегі тонауға қатысы бар күдікті Батыс Қазақстан облысында ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

Оның көлігін тінту кезінде полицейлер 23 ұялы телефонды тапты. Ресейлік есепте тұрған ВАЗ-2110 автокөлігі рейд кезінде тоқтатылды. Полицейлерде болған жедел ақпарат бойынша, 5 қаңтарда Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде осы көліктің жүргізушісі “Москва” сауда үйін тонауға қатысқан.

Ол 31 ұялы телефонды, 3 ноутбукты және 3 планшетті ашық түрде ұрлаған. Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы