БҚО-да 70 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

18 Наурыз 2022, 14:55
1066
Бөлісу:
БҚО-да 70 мыңға жуық адам ревакцинациядан өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысында 69 602 адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасы.

Осы кезге дейін 273 616 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды. 

Бұл – жалпы жоспардың 66 пайызы. Соның ішінде 262 651-і (63,3 пайызы) екінші компонентті қабылдады. 

Күні бүгін өңірде 52 667 доза І, 113 480 доза ІІ компонент вакцина бар. Pfizer компаниясының вакцинасымен 10 773 адам егілсе, соның 410-ы – жүкті, 4 773-і – бала емізетін әйелдер, 5 579-ы – жасөспірімдер, 11-і – мүгедектер. 

Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, пандемия басталғаннан бері барлығы 49 652, соның ішінде биы 9 582 адам коронавирус жұқтырды. Соңғы тәулікте 4 адамнан індет табылса, 167 науқас жазылып шықты. 

Күні бүгін 443 төсектік 11 инфекциялық стационарда 8 адам емделуде. Соның үшеуі жансақтау бөлімшесінде. Олардың екеуі аса ауыр, біреуі ауыр халде. 

Жыл басынан бері 43 адам коронавирустан өмірден озды.

Өзгелердің жаңалығы