БҚО әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

18 Қаңтар 2022, 17:38
1354
Бөлісу:
БҚО әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевтің өкімімен орынбасары Аманжол Алпысбаев қызметінен босатылды.

Ол мемлекеттік қызметкер бола тұра, кәсіпкерлікпен айналысқан.  

Облыс әкімі баспасөз қызметінің дерегінше, 2021 жылғы 30 желтоқсандағы өңір басшысының өкімімен БҚО әкімінің орынбасары Аманжол Алпысбаев қызметінен босатылған.  

Аманжол Алпысбаев БҚО әкімінің орынбасары қызметін 2019 жылғы шілдеден осы уақытқа дейін атқарды. Ол өзін жауапты және тәжірибесі мол маман ретінде көрсетті. Президенттің шығыстарды оңтайландыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және тағы басқа тапсырмалар бойынша өңірде ауқымды жұмыс жүргізді. Ол мемлекеттік сатып алудың үш жылдық жоспарын әзірлеу кезінде талдаумен және бюджет қаражатын үнемдеу және оны тиімді жұмсауға қатысты өзге де мәселелермен тікелей айналысты. Аманжол Әлиханұлына алғыс айтамыз және оған кәсіби табыс тілейміз, - деп жазылған «Мой город» порталының ақпаратында.

Өзгелердің жаңалығы