БҚО әкімі тағайындалды

13 Маусым 2019, 15:08
3290
Бөлісу:
БҚО әкімі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен БҚО әкімі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.

"Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын", - делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Батыс Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды.

Ғали Нәжімеденұлы Есқалиев

  • Туған жылы: 1970 жыл.

  • Туған жері: Батыс Қазақстан облысы.

  • Білімі: 1993 жылы Батыс Қазақстан аграрлық университетін «экономика»,

  • 2009 жылы Халықаралық бизнес академиясын  «менеджмент» мамандықтары бойынша бітірген.


Әртүрлі жылдары:

«Банк Тұран Әлем» АҚ Орал қаласындағы филиалында  маман, бөлім басшысы, «Темірбанк» АҚ филиалының директоры,


БҚО кәсіпкерлікті қолдау және даму департаментінің директоры,


- «Қазақстан даму банкі» АҚ атқарушы директоры, вице-президенті, басқарма төрағасы,


- Жамбыл облысы әкімінің орынбасары,


- Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары,


- Астана қаласы әкімдігі қалалық ортаны регенерациялау басқармасының басшысы болды.


2019 жылдың 18 қаңтарынан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы