27 наурыз күні Сырым ауданында су деңгейі артып, елді мекендерді тасқын су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданындағы су тасқынына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстарға басшылық етіп, төтенше жағдайлар қызметімен бірге атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев төтенше жағдай болған Сырым ауданына жол тартып, суға кеткен ауылдық елді мекен тұрғындарыдың қауіпсіз жерге көшірілуін қадағалады. Сондай-ақ, Сырым ауданың аумағында апатқа қарсы жедел штабтың отырысын өткізді. Өңір басшысы түні бойы Төтенше жағдайлар министрімен байланыста болып, басқа облыстардан қосымша техникалар мен күштердің Батыс Қазақстандағы су тасқынының алдын алуға бағытталуын қамтамасыз етті. Жергілікті сағат таңғы 5.00- ге дейін барлық жұмыстардың жүргізілуін толықтай қадағалады, - делінген хабарламада.
Нариман Төреғалиев аудан орталығындағы су деңгейінің түскеніне көз жеткізген соң, Қаратөбе ауданындағы апаттық жағдайды бақылауға жол тартты.