БҚО әкімі коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметкерлеріне алғысын білдірді

8 Ақпан 2024, 19:14
463
Бөлісу:
БҚО әкімі  коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметкерлеріне алғысын білдірді
PHOTO
Фото: gov.kz

Қазіргі уақытта өздеріңізге белгілі еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райы қолайсыздық тудыруда. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиұлы өзінің әлеуметтік парақшасында жазады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айтуынша Батыс Қазақстанда да қатты дауылды желдің, боранның салдары жылу, электр нысандарына, тұрғын үйлерге кері әсерін тигізіп жатыр.

БҚО әкімі  коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметкерлеріне алғысын білдірді
Кейіпкердің әлеуметтік парашасынан

Алайда, облысымыздың коммуналдық, төтенше жағдайлар қызметтері тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін барын салуда. Қар құрсауында қалған жолдарды тазарту, электр және жылу желілерін қалпына келтіру, апаттық жағдайлардың алдын-алу және т.б жұмыстарды уақытылы атқаруда.Тыным таппай еңбектеніп жатқан осы саланың барша мамандарына шынайы алғысымды білдіремін! Сіздердің жасап жатқан еңбектеріңіз құрметке лайық!,- деп алғысын білдіруде облыс әкімі.

БҚО әкімі  коммуналдық және төтенше жағдайлар қызметкерлеріне алғысын білдірді
Кейіпкердің әлеуметтік парашасынан
Өзгелердің жаңалығы