БҚДА "Қазақтелеком" АҚ-ға алдын ала ескерту жолдады

24 Мамыр 2024, 18:22
271
Бөлісу:
БҚДА "Қазақтелеком" АҚ-ға алдын ала ескерту жолдады
Фото: Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

"Қазақтелеком" АҚ 2024 жылғы 20 мамырда өзінің интернет-ресурсында 2024 жылғы 1 шілдеден бастап тарифтердің көтерілуі туралы ақпарат жариялаған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ

Атап айтқанда, үй интернеті қызметтерін, сондай-ақ ұялы байланысы бар пакеттік қызметтерді қамтитын тіркелген байланыс бойынша 51 мұрағаттық тарифтік жоспарға өзгерістер туралы хабарлады.

Байланыс туралы заңнамаға сәйкес байланыс қызметтеріне тарифтерді байланыс операторлары тек негізделген шығындар негізінде белгілейді.

Осыған байланысты, БҚДА Кәсіпкерлік кодекстің 198-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзудың алдын алу мақсатында 2024 жылғы 24 мамырда «Қазақтелеком» АҚ-ға қатысты заңнаманы бұзуға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттер жасауға жол бермеу туралы алдын ала ескерту жолдады.

Өзгелердің жаңалығы