Бозжырада туристік кешен жұмыссыз жастар үшін керек – Маңғыстау облысының тұрғыны

5 Ақпан 2021, 19:43
1898
Бөлісу:
Бозжырада туристік кешен жұмыссыз жастар үшін керек – Маңғыстау облысының тұрғыны

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қарақия ауданының тұрғындары қоғамдық тыңдау кезінде «Бозжыра» шатқалынан 4 шақырым жерде салынатын қонақ үйге қатысты өз пікірлерін білдірді. 

Мен Құрық ауылының тұрғынымын. Қазір осы ауылдың жастарының атынан сөйлеп тұрмын. Бізге Бозжырада туристік кешеннің салынуы қажет. Себебі бұл жоба ауылымыздағы жұмыссыз жастар үшін керек. Оларға жақсы көмек болар еді. Егер жоба халықтың сұрап отырғанындай жүзеге асырылатын болса, бұл үлкен мүмкіндік деп ойлаймын», - дейді Қарақия ауылының тұрғыны Серік Жақсылықов.

Ал Құрық ауылының ақсақалы Ержан Бекниязов «Бозжыра» деген бала кезінен көріп келе жатқан шатқалы екенін айтты. 

 Бүгінгі таңда бұл таңғажайып жер заман ағымына сай туристердің қызығушылығын арттырып отыр. Неге осындай мүмкіндікті пайдаланып біз кең байтақ жеріміздің тарихи-мәдени жерлерін дүйім жұртқа паш етпеске. Жобаны жүзеге асырса жаңа жұмыс орындары ашылады деп жатыр. Егер жергілікті тұрғындардың әлеуетін көтеретін бағытта жұмыс жүргізсе біз бұл жобаны қолдаймыз, - дейді ауыл ақсақалы.

Өзгелердің жаңалығы