Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Алатау қаласының әкімі болып тағайындалуы мүмкін деген қауесетке қатысты пікір білдірді. Бұл сұрақты журналистер Үкімет кулуарында сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Тілшілер оның аталған жобаны жүзеге асыруға белсенді қатыса жүргенін ескере отырып, болашақта қала басшысы қызметіне кандидатурасы қарастырыла ма деп нақтылады.
Ешқандай болжам жоқ. Мен бұған дейін үш рет әкім болдым, қазір басқару ісінде жастарға жол беру керек деп есептеймін, – деп қысқа жауап берді Қанат Бозымбаев.
Ол бұл қызметті атқару мүмкіндігін қарастырмайтынын айтып, басқару кадрларын жаңартудың маңызын атап өтті.