Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бозымбаев 100 мыңнан астам жұмыс орнын ашатын жобалар жайлы айтты

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
7 Тамыз 2025, 10:32
543
Бөлісу:
 автордан
Фото: автордан

Үкіметте өтіп жатқан брифингте Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев өңірлерді дамытуға арналған жобалар жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-премьердің айтуынша, өңірлерді орнықты және теңгерімді дамыту мақсатында Үкімет Қазақстан Республикасының өңірлік дамуының 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті.

Тұжырымдама халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және макроөңірлер мен "өсу нүктелері", атап айтқанда, агломерациялар, моноқалалар, тірек ауылдар, Алатау қаласы негізінде өңірлердің экономикалық әлеуетін ашуға бағытталған. Әлеуметтік, инженерлік және көлік объектілеріне қол жеткізудегі диспропорцияларды жоюға ерекше назар аударылады. Артта қалған өңірлерге Өңірлік стандарттар жүйесі негізінде республикалық бюджеттен басым қаржыландыру беріледі, - деп айтты Бозымбаев Үкіметте өтіп жатқан брифингте.

Сондай-ақ Үкімет моноқалаларды дамытудың жаңа шараларын әзірледі, оның ішінде ірі кәсіпорындар мен жергілікті тауар өндірушілер арасында ұзақ мерзімді шарттар мен офтейк-келісімшарттар жасасу, индустриялық аймақтар құру, елішілік құндылық бағдарламаларын енгізу, шағын және орта бизнесті дамыту және т.б.

Сонымен қатар Үкімет Алатау қаласын қалыптастыру және дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Алатау қаласының бас жоспары бекітілді, арнайы экономикалық аймақ және қаланы дамыту жөніндегі Жобалау офисі құрылды, коммуникациялардың техникалық схемаларын әзірлеу жүргізіліп жатыр.

Ауылдық аумақтарды дамытуға бағытталған барлық мемлекеттік шараларды, оның ішінде "Ауыл аманаты" және "Ауыл – ел бесігі" жобаларын ілеспе іске асыру қамтамасыз етіледі. Биыл "Ауыл аманаты" жобасы бойынша 50 млрд теңге бөлінді, бұдан басқа 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру шеңберінде шамамен 450 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл шығыстар шеңберінде 25 мыңға жуық жоба қаржыландырып, 100 мыңнан астам жұмыс орны құрылады, - деп айтты Үкімет мүшесі.

Өзгелердің жаңалығы